Биыл республика бойынша бірінші рет жеті түлектер ҰБТ ны ағылшые тілінде тапсырды. Соның үшеку Астанадан, біреуі Алматыдан болса, үшеуі Қостанайдағы М.Горький атындағы гимназияны бітіріп отыр. Ағылшын тілінде білімін сынаған үш түлектің орташа баллы 97 құрады.
Облыста 140-қа дейінгі ең жоғары баллды Жангелдин ауданындағы Торғай орта мектебінің түлекгі Ажар Кенжебай алды – 134 балл! Биыл облыста 142 «Алтын белгі» иесі болса, соның 117-і ҰБТ-ға қатыстып, оның 44 пайызы 100-ден жоғары балл алды. Шекті 50 баллды жинай алмағандар, тамыз айында қайта тапсыруына болатнын айтты Бәтима Бексұлтанқызы. Бірақ ол ақылы болады. Ондай түлектердің саны 161 болды.
ҰБТ көрсеткіші бойынша, оған қатысқан қостанайлық түлектердің 90,3 пайызы жоғары оқу орнының студенті атана алады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 89 пайыз болған екен.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай